Жаңалықтар

Исатай ауданы  бойынша мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтудың жәй-күйі туралы

 

2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды дәрумендерге бай тегін тамақпен қамтамасыз ету қарастырылған. Осыған орай  аудандағы 15 мектептің барлығында ыстық тамақ беру ұйымдастырылған. Мектептерде асханалар жалға берілген. Жалға берілген мектеп асханаларында білім алушылардың сапалы тамақтануы мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық білім бөлімі, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, жеке кәсіпкер арасында үш жақты меморандум жасақталды. Осы меморандумға сәйкес жеке кәсіпкер бірыңғай стандартқа сәйкес 4 апталық ас мәзірін жасақтап, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен келісіп  айына 1 рет өндірістік бақылау жүргізуге,  күндік тамақ сынамасын қалдыруға, тамақ сапасын ата-аналар комитеті мүшелері, мектептің медицина қызметкері қадағалап отыруға міндеттелген. 

          
Ауданның  жалпы білім беретін 15 мектебінде 5203  оқушы болса, оның ішінде аз қамтылған 507 (504) бала 246 (231) отбасында тәрбиеленеді,  жартылай  жетім  233 (224) бала 147 (142) отбасында тәрбиеленуде, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар 18 бала 15 отбасында тәрбиеленуде. Бұл балалар түгелімен (759 бала) міндетті оқу қоры қаржысынан  тегін ыстық тамақпен қамтылып  отыр.  Мектептердегі ыстық тамақтың ұйымдастырылуы, асхана жұмыстары комиссия тарапынан үнемі бақылауда ұсталып отыр. 2019 оқу жылы тегін ыстық тамақ беру мақсатына 123 283,0 мың теңге (2018 жылы – 112 057,0 мың теңге)  бөлініп  аудан бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан 463  және 1-4 сынып оқушыларының 2352  қамтылып отыр.

        
Әр балаға ыстық тамақ бағасы 250 теңгені құрайды. Берілетін тамақ түрлері нормативке сай. Тағам бағаларының өлшемі, бағасы   көрсетілген. Ыстық тамақтың сапасы мен әр түрлілігін бақылау журналы жүргізіліп отырады.  Мектеп асханаларында санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталу жағдайы жақсы. І тағам-борщ, сорпа ІІ-тағам күріш, қарақұмық, картоп ІІІ-тағам-компот, сүт, ІҮ тағам- нан, тәтті тоқаштар,  айран, сүт, бал беріледі. Көкөніс салаттары мен жемістер күн сайынғы ас мәзірінде бар және аптасына 1 рет міндетті түрде балық тағамдары, шұбат, ешкі сүті беріліп отырады. Барлық мектепте де оқушылар сүтпен қамтылған.

        
Оқушыларды тегiн тамақтандыру, мектеп асханаларының санитарлық-гигиеналық жағдайы, балаларға беріліп отырған тағамдардың сертификаттарының сәйкестілігі, тағамды әзiрлеу сапасы  үнемi мектеп әкiмшiлiктерінің басты назарында. Осы мәселе өткен жылы аудандық кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссиясында  қаралып, аталған кемшіліктерді болдырмау, оқушыларды сапалы да, құнарлы денсаулығына пайдалы азықпен тамақтандыру, жергілікті табиғи таза ет-сүт өнімдерін беру туралы мектеп директорларына тапсырмалар берілді. Сонымен қатар асхананы жалға алушының құжаттарының дұрыс рәсiмделуi, асхана қызметкерлерiнiң, аспаздардың санитарлық тексеруден мерзiмiнде өтуi,  асханадағы санитарлық талаптардың сақталуы үнемi қадағаланып, тексерiлiп отырады. Осы уақытқа дейiн мектептерде  оқушылардың ешбiр тамақтан улану фактiлерi тiркелмеген .

2018-2019 оқу жылында аудан бойынша 1 негізгі мектепке (Қызылүй) жаңадан асхана салынуда, 4 бастауыш мектеп асхананысы бейімделген орында. 10 орта мектеп базасында  типтік жобадағы асхана жұмыс жасап тұр. Асхана құрал-жабдықтарын жаңартуға сұраныс берілді. 

 

View the embedded image gallery online at:
http://isatai-bb.kz/kz/247.html#sigFreeId5b6fd61f74

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Бүгін 2017 жылдың 21 желтоқсанында Астанада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режімінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Коллегиясының отырысы өтті.